Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған SIM-карта енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
"Біз бабаларға арналған Sim-карта ұсынып отырмыз. Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол Sim-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Біз осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Тағы бір мәселе, ол карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектей аламыз. Кейде бала түн ортасында интернетте отыратын жайттар болады", – деді вице-министр.
Оның айтуынша, арнайы Sim-карта арқылы экранның жанып тұратын уақытын да шектеуге болады.
Оқи отырыңыз: Әрбір үшінші оқушыға әлімжеттік жасалады. Мектеп неге буллинг мекеніне айналды?