Бүгін Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.
Сот отырысы тікелей эфирде көрсетіледі.
Сот отырысы Алматы қалалық ҚМАС-та бүгін, 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 15.00-де өтеді. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube-арнасында көрсетіледі.
"Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды", – делінген ҚР Жоғарғы соты баспасөз қызметінің хабарламасында.
Еске салайық, қазіргі таңда Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырыстары тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда жантүршігерлік автобус апатынан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінен ауыстырылды