29 сәуірдегі жағдай бойынша су тасқынынан зардап шеккен қазақстандық отбасыларға 4,8 млрд теңге біржолғы өтемақы берілді, деп хабарлады үкімет.
Төлем сомасы 100 АЕК – 369,2 мың теңге. Осы күнге дейін 13 259 отбасы аталған өтемақыны алды.
Сондай-ақ, қазақстандықтарға өлген мал үшін жалпы сомасы 278 миллион теңге өтемақы төленді. Су тасқынынан зардап шеккендер шығынды өтеу үшін 22 475 талап-арыз берді.
Су басу аймақтарында 3956 тұрғын үй тексеріліп, 2649 нысан бағаланды. 524 үйді жөндеуге 670 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны 2024: Өтемақы, несиені шегеру және гуманитарлық көмек. Зардап шеккендер қандай көмек алып жатыр
"Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және үкіметтің қатаң бақылауында", – деп жазылған хабарламада.