Тікелей эфир

Қазақстанда "қатерлі ісік пен қант диабетін емдейтін дәрі" өндірушіге айыппұл салынды

Компания түйе сүтінен тағамға арналған қоспа әзірлейтін.

Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген талдау интернет желісінде, соның ішінде танымал блогерлер, спортсмендер және әртістердің парақшаларында тағамға биологиялық белсенді қоспалардың қасиеттерін асыра сілтеумен жарнама таратылып отырғанын көрсетті. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.

Әлеуметтік желілерде NEOSAUMAL, SAUMAL сублиматтау әдісімен құрғақталған бие сүті қант диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдейтін бірегей өнім ретінде белсенді жарнамалануда. Азаматтардың шағымдарын назарға ала отырып облыс прокуратурасының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен өнім жарнамасының растығы тексерілді.

"SAUMAL тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде жалпы нығайтушы, иммундық ынталандырушы, тыныштандырғыш өнім ретінде тіркелгендігі анықталды. Басқаша айтқанда, дәрілік қасиеті жоқ және жарнамада көрсетілген ауруларды емдеуге қабілетті емес", – деп жазылған хабарламада.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 56-бабының 2-бөлігіне сәйкес биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасы анық болуға, арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, тұтынушылардың сенімін теріс пайдалану арқылы оларды жаңылыстырмауға тиіс.

Кодекстің 56-бабының 3-тармағының 11) және 13) тармақшалары бойынша жарнамада қан диабетін, онкологиялық және басқа ауруларды емдеу тәсілдерін, биологиялық белсенді қоспаларды бірегей, барынша қауіпсіз және тиімді ретінде ұсынуға тыйым салынған.


Оқи отырыңыз: Түркістанда колледж оқытушысы қымыздан балмұздақ жасап шығарды


Осылайша, компания азаматтардың сенімін теріс пайдалана қоймай, көрінеу жалған жарнаманы тарату арқылы әкімшілік құқықбұзушылық жасаған.

"SAUMAL-дың өндірушісіне қатысты 2023 жылғы 30 қарашада ӘҚБтК-тің 157-бабы (Көрiнеу жалған жарнама) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 175 АЕК көлемінде (603 750 теңге) айыппұл салынды. Компания айыппұлды 2023 жылы 5 желтоқсанда  өз еркімен төледі", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары