Тікелей эфир

Қазақстанда қандастардың балаларын бейімдеу орталықтары ашылады

Сондай-ақ, шетелдегі қазақ балаларына арналған онлайн мектеп ашу мәселесі қаралып жатыр.

Қазақстанға білім алуға келген қандас балаларды бейімдеу орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы "Отандастар қоры" КеАҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қор басшысы Абзал Сапарбекұлы мен оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың кездесуінде Өзбекстан, Моңғолия сияқты қазақтар көп шоғырланған мемлекеттердегі қазақ мектептерінің қазіргі жағдайы талқыланды. Шетелдегі қазақ мектептеріне қолдау көрсету, қазақ тілді мұғалімдерге біліктілік курстрын өткізу, кітаптар мазмұнын жаңарту сынды өзекті тақырыптар сөз болды. 

"Министрлік тарапынан "Онлайн мектеп" ашу жұмысы жүргізіліп, келген қандас балаларға бейімделу орталақтарын ашу мәселесі қарастырылуда екенін жеткізді", – делінген қордың хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: 2024 жылы қандастар мен қоныс аударушыларға қанша өңірлік квота беріледі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары