Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасының төмендеуі жалғасуда. Қараша айында орташа көрсеткіш 3%-ға төмендеді. Бұл туралы Krisha.kz жазды.
"Мониторинг жүргізілетін 13 қаланың тоғызында баға төмендегені байқалды.Павлодарда (-9%), Петропавлда (-8%), Қарағандыда (-6%), Ақтауда, Ақтөбеде (әрқайсысы -5%), Оралда (-4%), Алматыда, Көкшетауда (-3%), Астанада (-1%) жалға алу бағасы арзандады", – деп жазды басылым.
Ал екі қалада тұрғын үйді жалға алу біршама қымбаттады: Шымкентте (+3%) және Атырауда (+0,7%). Қостанай мен Өскеменде баға қазан айындағы деңгейде қалды.
Оқи отырыңыз: ТМД елдері ішінде екінші орында: Елде тұрғын үйді жалға алу құны бір жылда 28% қымбаттады
Бүгінгі таңда ең қымбат жалға алу Алматыда: 1 м2 үшін 5800 теңге, Ақтауда ең арзаны – 2500 теңге. Орташа баға – 3200 теңге.