Қазақстанда барлығы 278 түрлі дәрілік шөп өседі.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда өсетін дәрілік шөптер тізімінің жобасын әзірледі. Тізімге 278 түрлі дәрілік шөп енген.
Қазақстандағы дәрілік шөптердің 207-сі ресми медицинада қолданылса, қалған 61-і халықтық медицина қажеттілігіне жарайды. Алайда олардың 66 түріне жойылу қаупі төніп тұр. Бұл шөп түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Ресми емес деректер бойынша, Қазақстанда 760 эндемик өсімдік пен бес жүзге жуық емдік шөп бар. Алайда, олар бәрі толығымен әлі зерттелмеген.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда қандай емдік шөптер өседі. Оларды ажырата аласыз ба?
- "Тұмау шәрбаты". Қазақ ғалымы дәрілік шөптерден түрлі вирусқа қарсы тұнба әзірледі