Тікелей эфир

Қазақстанда орман шаруашылығының даму стратегиясы жоқ – эколог

Өртенген орман жүйесін қалыпқа келтіру 70 жылдан 150 жылға дейінгі уақытты талап етеді.

Қазақстанда орман шаруашылығы саласын қаржыландыру мәселесін қолға алу керек. Бұл туралы "Apta" бағдарламасында эколог Сәкен Ділдахметов айтты.

Экологтың айтуынша, материалдық-техникалық базаның ескіргенін орман өрттері екінші жыл қатарынан көрсетіп жатыр.

"2000 жылдары орман шаруашылығы министрлігіне қарасты 120 мекеме болды. Алайда, оларды облыс әкімдіктеріне бөліп берді. Орман өрттерінің көп болуы, заңсыз шабылуы бұл бөлінген жүйеніің тиімсіздігін көрсетті. Демек, қайтадан экология министрлігінің құрамына қайтарып, бір бағыт, бір салада дамитындай болу керек. Қазақстанда орман шаруашылығының даму стратегиясы жоқ", – деді Сәкен Ділдахметов. 


Оқи отырыңыз: "Орманды ағашын сату үшін өртейтіндер бар". Прокурор Абай облысындағы өрттің бірнеше себебін атады


Сондай-ақ, ол кез келген аумақтағы өртенген орманды қалыпқа келтіру 70 жылдан 150 жылға дейінгі уақытты талап ететінін атап өтті.

"Орман өртенген кезде құрт-құмырсқалар жүйесі жойылады, топырақтың құнарлылығы нашарлайды, аң-құстардың төлдейтін мекені ауысады. Табиғаттағы осындай бүкіл жүйені қалыпқа келтіру үшін бір ғасырдан астам уақыт керек",– деді эколог.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары