Тікелей эфир

Қазақстанда некеге тұру саны азайды

Жылдың алғашқы үш айындағы некелесу коэффициенті 1000 адамға 5 некені құрады.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда  24,5 мың неке тіркелген. Бұл 2022 жылдың 3 айымен салыстырғанда 10,6 пайызға төмен, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Жылдың алғашқы үш айындағы некелесу коэффициенті 1000 адамға 5 некені құрады.

Сондай-ақ, осы кезеңде АХАТ органдарының деректері бойынша, соттардың некені бұзу туралы шешімдерін есепке алмағанда 3,8 мың ажырасу тіркелген. Бұл да 2022 жылдың тиісті деңгейінен 5,6 пайызға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,79-ды құрады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәресте саны 9,5% азайды


Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 20 жылда алғаш рет жаңа туған нәрестелер саны бір жылда 9,5 пайызға азайды. Былтыр 403,9 мың сәби дүниеге келді, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 42,6 мыңға аз. Ол кезде көрсеткіш айтарлықтай жоғары болған.

Серіктестер жаңалықтары