Жыл басынан бері қазақстандықтар 22 419 жаңа көлік, автобус және жүк көлігін сатып алды.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2022 жылдың наурыз айында көлік саудасы (бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда) 28,3 пайыз, 10 753 жеңіл автокөлік, жеңіл коммерциялық техника және жүк көлігіне артты. Алдын ала мәлімет бойынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 22 419 көлік сатылды. Бір жыл бұрын 24 196 бірлік сатылған еді.
Наурыз айында көп сатылған көліктер:
- Hyundai – 3 232 бірлік (2021 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 69,5% көп);
- Chevrolet – 1 728 көлік (- 20%);
- Kia – 1 269 бірлік (+ 273%);
- Lada – 1 243 бірлік (+ 348,7%);
- Toyota – 693 бірлік (- 40,7%).
Мұнымен қатар, наурыз айында Қытай маркалы көліктеріне сұраныс артқаны байқалды.
- Chery – 234 көлік;
- JAC – 205 бірлік;
- Haval – 186 бірлік.
Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие: Талапқа қандай көліктер сәйкес келеді?
Модельдер бойынша:
- Hyundai Sonata – 1 085;
- Chevrolet Cobalt – 938;
- Hyundai Accent – 741;
- Lada Granta – 587;
- Hyundai Tucson – 530;
- Kia Rio – 505;
- Hyundai Creta – 423;
- Volkswagen Polo – 321;
- Kia Cerato – 319;
- Hyundai Elantra – 274 бірлік.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстандықтарға құны 7 млн теңгеден аспайтын жаңа автокөлікті пайызсыз несиеге беру ұсынылды
- Lada жеңіл көлігін сатып алушылар саны артты. Қазақстанда қандай көліктер құрастырылады?
- Қазақстанда жеңіл көлік бағасы қандай жағдайда екі есеге дейін арзандайды?