Тікелей эфир

Қазақстанда мүфтилер алқасы құрылды

ҚМДБ жанында жұмыс істейтін алқаға Наурызбай қажы Тағанұлынан бөлек, бұрынғы үш мүфти мүше болып енді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған мүфтилер алқасы өз жұмысын бастады. Оған бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мүфтиятты әр жылдары басқарған Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ержан қажы Малғажыұлы және Серікбай қажы Ораз мүше болып енді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады. 

Мүфтилер алқасының мақсаты – мұсылман жамағатының рухани бірлігін нығайту, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, еліміз бен жеріміздің рухани дамуына үлес қосуда мүфтилердің дін саласындағы тәжірибесі мен ақыл-кеңесін пайдалану. 

Мүфтилер алқасының бірінші отырысы. Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: 2023 жылғы ораза кестесі: Қазақстан қалалары мен елді мекендері


Мүфтилер алқасының алғашқы отырысында қажылар жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, халықтың рухани бірлігін арттыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу туралы ойларын ортаға салды.

Басқосу соңында Діни басқарманы ұзақ жылдар басқарған марқұм Әбсаттар қажы Дербісәлінің рухына арнайы Құран аяты бағышталып, дұға жасалды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары