Тікелей эфир

Қазақстанда мал дәрігерлерінің жалақысы 35% өсіп, қосымша ақы төлене бастады

Сонымен қатар сауықтыруға жәрдемақы беру есебінен оларды әлеуметтік қорғау шаралары күшейтілді.

Қазақстанда ветеринариялық қызметкерлерді әлеуметтік қорғау шаралары күшейтілді. Бұл туралы үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады.

"Тәжірибелік ветеринариялық қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 35 пайызға өсті, жалақыға қосымша ақы төлеу және сауықтыруға жәрдемақы беру есебінен оларды әлеуметтік қорғау шаралары күшейтілді", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Қарашөкеев: Ветеринария бойынша биолог білім береді, бұл дұрыс емес


Сонымен қатар министр ветеринариялық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындалғанын айтты. Өзгерістер орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтері арасындағы функциялардың қайталануын болдырмауға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары