Тікелей эфир

Қазақстанда кедейлердің саны 1 миллионнан асты

Қазақстандағы 49,5 пайыз отбасы проблемалық санатқа жатқызылған.

2022 жылы елімізде кедейшілікте өмір сүретіндердің үлесі көбейген. Бұл туралы finprom.kz хабарлайды.

Мәселен, 2021 жылмен салыстырғанда қала тұрғындары 3,8-ден 4 пайызға, ал ауылдықтар 7,2-ден 7,3 пайызға дейін өсті. 

"Сондай-ақ, кедейлердің абсолютті саны өткен жылы 39,7 мыңға, яғни 992,1 мыңнан 1,031 миллион адамға өсті. Әсіресе, бұл қала тұрғындары арасында байқалады. Көрсеткіштердің барлығы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі ретінде айқындалатын ұлттық кедейшілік деңгейіне жатады", – делінген ақпаратта.


Оқи отырыңыз: 2025 жылдан бастап Қазақстанда кедейлік шегінің мөлшері өзгереді


Өткен жылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі батыс ғалымдары Алькире мен Фостердің ұсынған әдістемесі бойынша барлық отбасылардың әл-ауқат деңгейін беске бөлді.

"Есептеулер бойынша, Қазақстандағы 50,5 пайыз отбасының (10,4 млн адам) әл-ауқаты жақсы және қанағаттанарлық деңгейде болса, 49,5 пайыз отбасы (9,1 млн адам) проблемалық санатқа жатқызылған. Бұл ұлттық стандарттар бойынша есептелген кедейлер санымен салыстырғанда едәуір айырмашылық байқалады. Яғни, 9,1 миллион және 1 миллион адам", – делінген ақпаратта.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары