Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Ұлттық банк 10 қазандағы Қазақстандағы шетел валюталарының ресми бағамын белгіледі.
Доллар бағамы 1,41 теңгеге төмендеп, 477,02 теңгені құрады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында доллар 477,7–478,1 теңгеден сатып алынып, 480,3 теңгеден сатылуда.
Рубльдің ресми бағамы 0,04 теңгеге төмендеп, 4,73 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындарында рубль 4,67 теңгеден сатып алынып, 4,87 теңгеден сатылуда.
Оқи отырыңыз: Жарамдылық мерзімі, құрамы, сақтау шарты. Азық-түлік өнімі қаптамасындағы қандай жазбаларға мән беру керек?