Тікелей эфир

Қазақстанда биыл 300-ге жуық елді мекенді су басу қаупі бар

Су тасқыны кезінде 843 адам тұратын мыңнан астам елді мекен су басу қаупіне неғұрлым бейім деп айқындалған.

Соңғы бес жылда су тасқынынан он өңірдегі 165 елді мекен зиян шекті. Су тасқыны кезінде 1 010 елді мекеннің су басу қаупіне неғұрлым бейім екені анықталды, деп мәлімдеді ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің басшысы Рустамбек Амрин.

"Алдағы көктемде су тасқыны жағдайы күрделенетін болса, орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін халықты және аймақты тасқын судан құтқару жөніндегі ұйымдастырушылықтар мен практикалық іс-шаралар кешені әзірленді. Құрамында жалпы саны 62 мыңнан астам адам және 14 мыңнан астам техника бар азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары топтары құрылды. Атап айтқанда ол топтарға төтенше жағдайлар министрлігі, ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдар кіреді", – деді ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Қахарман Оразалин.


Оқи отырыңыз: Тасқынды болжауға болады, тек басшыларда құлық та, креатив те жоқ 


Сондай-ақ, ол іздестіру және құтқару операцияларын жүргізу және зиян шеккен халықты эвакуациялау үшін төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 10 мыңнан астам адамы және 2 мың техникасы дайын тұрғанын бөлісті. 

"Алдын ала болжамға сәйкес, ақпанда жалпы ел бойынша Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі орташа көп жылдық мәннен төмен болады. Соңғы бес жылда су тасқынынан еліміздің он өңіріндегі 165 елді мекен зардап шекті. Су тасқыны кезінде 843 адам тұратын 1010 елді мекен су басу қаупіне неғұрлым бейім деп айқындалған. Өткен жылы су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы шеңберінде 37 іс-шараны іске асыру аяқталды", – деді Рустамбек Амрин. 

Департамент өкілдерінің айтуынша, 2022 жылы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша 14 облыстық жұмыс жоспары шеңберінде 140 іс-шара іске асырылған. 2021 жылы 51 жағалауды нығайту және шамамен 72 км өзен арналарын тазарту жүргізілген.

"78 км қорғау бөгеттерін салу және ағымдағы жөндеу, 2 гидротехникалық құрылысты салу және 6 жөндеу, 21 км су бұру арналарын салу және 25 км тазалау, 4 жергілікті құлақтандыру жүйесін орнату жүргізілді. Өткен жылы атқарылған алдын алу іс-шаралар кешені жалпы ел бойынша 1010 елді мекеннің 158-ін қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл ретте қауіп жойылған елді мекендердің саны 340-қа жетті және 385 үшін барынша азайтылды. Су басу қаупі бүгінгі күні 285 елді мекен үшін сақталып отыр", – деп қосты департамент өкілі. 

Серіктестер жаңалықтары