Қазақстанда бір топ ғалым "Парасат" және "Құрмет" орденімен марапатталды

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz
Президент жарлығымен 4 ғалым – "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Атап айтқанда, 4 ғалым – "Парасат", 15 адам "Құрмет" орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, 6 маманға Ерен еңбегі үшін" медалі берілсе, тағы 2 ғалымға "Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы табыс етілді.

"Парасат" орденімен марапатталғандар:

  1. Есімбекова Минура Ахметқызы – Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  2. Жантаев Жұмабек Шабденамұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері
  3. Қошқаров Серікбай – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ профессоры
  4. Яшков Владимир Александрович – Ғылым және жоғары білім министрлігі "С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті" КеАҚ қауымдастырылған профессоры;

"Құрмет" орденімен марапатталғандар:

  1. Әділханов Тасболат Алпысбесұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС бас консультанты
  2. Баймұқанов Мирғали Төлеуғалиұлы – "Гидробиология және экология институты" мекемесінің директоры
  3. Біләлов Дархан Нұрланұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
  4. Витковская Ирина Сергеевна – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ жетекші ғылыми қызметкері
  5. Демченко Георгий Анатольевич – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Генетика және физиология институты" РМК зертханасының меңгерушісі
  6. Ершебұлов Зәкір Жаппарұлы – Денсаулық сақтау министрлігі "OtarBioPharm" ЖШС директоры
  7. Кәкімжанова Алмагүл Әпсаламқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  8. Крупа Елена Григорьевна – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Зоология институты" РМК бас ғылыми қызметкері
  9. Күзембайұлы Аманжол – Ғылым және жоғары білім министрлігі "А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" КеАҚ профессоры
  10. Қалтаев Айдархан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
  11. Серікқанов Абай Серікқанұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының вице-президенті
  12. Сқақов Мажын Қанапиұлы – Энергетика министрлігі "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" РМК бас ғылыми қызметкері
  13. Сұраған Дүрбітхан – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі 
  14. Тоқбергенов Исмайыл Тасанбиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының бас ғалым хатшысы
  15. Тұрысбеков Ерлан Кеңесбекұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталғандар:

  1. Ахажанова Индира Әлібайқызы – Денсаулық сақтау министрлігі  "OtarBioPharm" ЖШС кіші ғылыми қызметкері
  2. Еспембетов Болат Аманбайұлы – Денсаулық сақтау министрлігі  "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС зертханасының меңгерушісі
  3. Қабылдин Қосман Маратұлы – Денсаулық сақтау министрлігі  "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЖШС хлорлау станциясының операторы
  4. Қондыбаева Аида Мұратқызы – Денсаулық сақтау министрлігі "С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті" КеАҚ PhD докторы 
  5. Сәрсенбекұлы Бауыржан – "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ қауымдастырылған профессоры
  6. Шустов Александр Вячеславович – Денсаулық сақтау министрлігі "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС зертханасының меңгерушісі;

"Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері" құрметті атағы берілген ғалымдар:

  1. Бакенов Жұмабай Бекболатұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" жоғары ғылыми ұйымының академигі
  2. Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы – Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ионосфера институты" ЖШС бас ғылыми қызметкері.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары