Қазақстанда бір айдың ішінде қос азаматтығы бар 91 адам ұсталды

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Ұсталғандар ісі қарау үшін полиция органдарына берілді.

Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған, деп хабарлайды ҰҚК.  

2025 жылдың басынан ҰҚК шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады.

Ұсталғандар ісі қарау үшін полиция органдарына берілді.

"2024 жылы мемлекеттік шекарада 1 190 қос азаматтық фактісі анықталды. Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды. ҰҚК шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады", – делінген ведомство хабарламасында.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары