Ауруға шалдыққандар Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында көп, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Денсаулық сақтау министрлігіндегілер жағдай қатаң бақылауда екенін айтты. Ауырған балалар оқшауланған.
Қызылша дертіне қарсы екпе егуге болмайтын балалар да есепке алынып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер тиісті шаралар қолданып жатыр. Күннің салқындауына байланысты тұмау жұқтырғандар да көбейіп келеді. Мысалы, жіті респираторлық вирустық инфекцияға шалдыққандар саны өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 14% көп.
"Жіті респираторлық вирустық инфекцияның және тұмаудың маусымы басталды. Ол жыл сайын 1 қазаннан басталады. Қазіргі кезде тұмауға қарсы вакцинация жүріп жатыр. Кешегі күнге 300 мыңнан астам адам егілді", – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында 202 адам қызылша жұқтырды.