"Касперский зертханасының" дерегінше, қыркүйек айында Қазақстан кибершабуылға бейім елдер тізімінде жетінші орынға ие болған. Сауалнама қатысушыларының 57 пайызы биыл шабуылдардың айтарлықтай көбейгенін айтқан, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жеке деректерге қол сұғу және телефон-алаяқтық басым. Сондай-ақ, сауалнамаға жауап берушілердің 39%-ы онлайн-алаяқтық кесірінен ақшасынан айырылған.
Сарапшылар ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтап, күшейтуге кеңес береді. Демек, алдымен, әрбір азамат дербес деректерін қорғау үшін күрделі құпия сөздерді орнатқаны дұрыс. Бастысы, бірдей комбинацияны пайдаланбау қажет. Мамандар құпия сөз кемі 12 таңбадан тұруы керектігін, бас әріп пен кіші әріптер, сандар, арнайы таңбалар қолданылуға тиіс екендігін айтады.
Оқи отырыңыз: Интернет алаяқтарына 10 млн теңге айыппұл салынады. Заң жобасында қандай өзгерістер бар?
Құпия сөзді қағаз, скрин не телефондағы жазбаларда сақтамаған жөн. Мұндай мәліметтерді қолды қылу – тым жеңіл. Бұдан бөлек, барлық қызметтерде екі факторлы аутентификацияны пайдалануды ұсынып отыр. Бұл – қорғанудың ең сенімді әдісі.