Тікелей эфир

Қазақстанда әр отбасы жылына темекіге 45 мың теңге жұмсайды. Бұл алдыңғы жылдан 11% көп

Биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, темекі бір жылда 17,9% қымбаттады.

Биыл қаңтар-сәуір айларында елімізде 5,1 млрд дана темекі және осыған ұқсас басқа да табак өнімдері өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,8% аз, деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

Жалпы, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда секторда шығарылған өнім 17,4 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,9% көп.

"Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар темекі мен папиросқа сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 80,6 пайыздың орнына 79,7% қамтамасыз етті. Импорт сәйкесінше 20,3 пайызды құрады. Сандық мәнде импорт былтырғымен салыстырғанда 0,7% өсіп, 927,6 млн данаға жетті. Бұл ретте Қазақстан өз ресурстарының 19,3% пайызын немесе 882,9 млн дана темекі мен басқа да табак өнімдерін экспорттады, бұл бір жыл бұрынғыдан 36,9% артық", – делінген ақпаратта. 


Оқи отырыңыз: Шылымнан қалай бас тартуға болады? Психиатр дәрігерден кеңес


Ішкі нарықта сатылым 10,1% азайып, 3,7 млрд дана темекі мен папирос сатылды. 

2022 жылы елдегі әрбір орташа үй шаруашылығы темекі өнімдеріне 44,8 мың теңге жұмсады, бұл бір жыл бұрынғыдан 10,8% артық.

"Өңірлер бойынша Павлодар облысының үй шаруашылықтары ең көп шығындалған: бір шаруашылыққа орта есеппен 83,1 мың теңге, жылдық өсім 13,3%. Солтүстік Қазақстан (77,2 мың теңге, 9,6% көбейген) және Шығыс Қазақстан (71,9 мың теңге, 24,8% көбейген) облыстары да ең көп темекі шегушілер үштігіне енді. Шымкент тұрғындары темекі өнімдеріне ең аз жұмсаған: бір үй шаруашылығына жылына орта есеппен небәрі 8,8 мың теңге, жыл сайынғы өсім 14,2%", – делінген ақпаратта.


Оқи отырыңыз: 4 жылда электронды темекі шегетін жасөспірімдер 3 есе көбейді – Мәжіліс депутаты


Еске салсақ, биыл мамыр айының қорытындысы бойынша, темекі бір жылда 17,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсімі Астанада байқалды: 23,2%. Одан кейін Алматы (21,1%) және Солтүстік Қазақстан облысында (20,8%).

Баға ең аз өскен өңірлер Ақмола (12,8%), Қарағанды ​​(13,9%) және Абай (16,2%) облыстары.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары