Алматы, Нұр-Сұлтан және Қазақстанның өзге қалаларында ақша айырбастау пункттері доллар, еуро және рубль сатылымын уақытша тоқтатты.
"Ресей Федерациясында доллар курсының күр өсуіне байланысты және KASE-де 15.00-ге дейін сауданың тоқтатылуына байланысты ақша айырбастау пункттері қолма-қол ақша нарығында курстың қалай болары айқындалғанша дейін жұмысын уақытша тоқтатты", – деп хабарлады Ақша айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев.
Бүгін таңертең Ұлттық банк пен "Қазақстан қор биржасы" АҚ теңге – АҚШ доллары валюталары бойынша сауда регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады.
28 ақпанда сауда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15:00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық банк пен KASE теңге – доллар бойынша сауда регламентін өзгертті