Жаңа тізімде 19 түрлі азық-түлік қамтылған.
Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы бұйрық жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 түрлі азық-түлік кіреді:
- Бірінші сортты бидай ұны;
- Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді);
- Рожки (өлшеніп салынатын);
- Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын):
- Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын);
- Картоп;
- Асханалық сәбіз;
- Басты пияз;
- Ақ қауданды қырыққабат;
- Ақ қант – құмшекер;
- Күнбағыс майы;
- Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі);
- Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік);
- Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада;
- Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада;
- Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ);
- Тауық жұмыртқасы (I санатты);
- Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа);
- Сүзбе: майлылығы 5-9%.
Оқи отырыңыз: 2025 жылға дейін халықты әлеуметтік маңызы бар тауармен қамту – өзекті мәселе
Құжат 18 сәуірге дейін қоғам талқысына ашық.