Кей ағаш түрлерін Қазақстаннан шығаруға 6 айға тыйым салынады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрық жобасында жазылған.
"ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", – деп жазылған жобада.
Құжат 3 мамырға дейін қоғам талқылауына ашық. Бұйрық қабылданған жағдайда 2023 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Оқи отырыңыз: Көмірді автокөлік және теміржол көлігімен әкетуге 6 айға шектеу енгізіледі
Айта кетейік, тауар коды көрсетілген ағаштар:
- 4401 – Бөрене түріндегі ағаш отыны, діңгектер, бұтақтар, қарапайым түрдегі немесе бұта бумасы; жаңқа немесе жоңқа түріндегі ағаш, үгінді және ағаш қалдықтары және скрап, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған ағаш түріндегі, брикеттер, түйіршік немесе қарапайым түрде;
- 4403 – Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен, қомақты кесектелген немесе кесектелмеген өңделмеген ағаш материалдары;
- 4404 – Бөшкелік сүрек; жарылған бөренелер; ағаштан жасалған, үшкірленген, бірақ ұзына бойы кесілмеген қадалар, қазықтар және бағандар; таяқтар, қолшатырлар, құралдардың немесе ұқсас бұйымдардың тұтқаларын өндіру үшін пайдаланылатын қомақты жонылған, бірақ ұшталмаған, майыстырылмаған немесе басқа тәсілмен өңделмеген орман материалдары; аршылған және ұқсас сүрек;
- 4406 – Теміржол немесе трамвай жолдары үшін ағаш шпалдары;
- 4407 – Ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын ағаш материалдары.