Тікелей эфир

Қазақстанда 7,6 млн адам спортпен айналысады: оның 3,3 миллионы – оқушылар

Алдағы алты жылда қазақстандықтардың спортпен айналысуының жалпы көрсеткішін 50 пайызға дейін жетуі керек.

Дене шынықтырумен айналысатын 7,6 миллион адамның жартысына жуығы, яғни 3,3 миллионы – мектепте дене шынықтыру сабағына қатысатын балалар. Оқушыларды қоспағанда 4,3 миллион адам ғана дене шынықтырумен айналысады. Бұл тізімнен студенттер мен кәсіби спортшыларды алып тастасақ – бұл көрсеткіш тіптен азайып қалады, деп жазады ranking.kz сайты. 

Өңірлер бойынша тұрғындардың 42,1 пайызы фитнес-орталықтарға баратын ең "спорттық" қала – Шымкент. Рейтингте 41,9% көрсеткішпен Қостанай облысы екінші орында тұр. Үшінші орынды 40,2 пайызбен  Солтүстік Қазақстан облысы иеленді.

Алдағы алты жылда қазақстандықтардың спортпен айналысуының жалпы көрсеткішін 50 пайызға дейін жетуі керек. ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында жыл сайын бұқаралық спортқа қатысу деңгейі кемінде 2% өсетіні көрсетілген.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның ең үздік бүркітшілері анықталды.


ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 43,1 мың спорт нысаны бар. Былтыр оның саны 1,3% ғана өсті. Ал жекеменшік спорт нысаны ның саны 3,2 мыңға жуық.

Серіктестер жаңалықтары