Қазақстанда 4 мыңнан астам шетел азаматы такси қызметін заңсыз атқарған

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Республикадан 156 шетел азаматы шығарылды.

Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтады, онда 4 237 шетел азаматы жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған, деп хабарлайды Алматы прокуратурасы. 

Еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында заң шығарушы көші-қон заңнамасын бұзған жұмыс беруші мен шетелдіктердің жауаптылығын көздеген.

Қазіргі уақытта Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарауда, онда елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетел азаматтарына да қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.

"Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы – 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы - 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы – 81) қамалды, республикадан 156 шетел азаматы шығарылды (Алматы – 79)", – деп жазды Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары