Тікелей эфир

Қазақстанда 354 мектеп санитарлық тұрғыда жаңа оқу жылына әзір емес

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мектептердегі тексеру 25 тамызға дейін жүргізілетінін хабарлады.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда 354 мектептің жаңа оқу жылына дайын емес екенін хабарлады.

Оның айтуынша, Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшу туралы шешім қабылдағаннан кейін санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер жергілікті әкімдіктермен бірігіп, мектептердің оқу жылына дайындығын тексеріп жатыр. Басқа критерийлермен қатар, білім беру ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай келуі тексеріледі.

"Бүгінгі таңда 354 мектеп дайын емес екендігін көрсетті", - деді Ажар Ғиният.

Қазіргі таңда мектептердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, мектепке келген балалардың ара қашықтығын сақтауына арналған белгілердің және санитайзерлердің бар болуын, мектепке кіре берістегі бақылау қалай жүргізілетінін тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тексерулер 25 тамызға дейін жүргізіледі. 


Оқи отырыңыз: Алматы қаласында шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл науқастар санының 94% өсуімен байланысты


Ол, сондай-ақ, Бас санитар дәрігердің қаулысының жобасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Оған сәйкес, егер сынып оқуышларының бірі коронавирус жұқтырса, онда сынып түгелімен карантинге жіберіледі.

"Балалардың жаппай ауырып қалуына жол бермеу үшін аталған қаулыда мектептерге санитарлық талаптар күшейтіледі", – деді Ажар Ғиният.

Серіктестер жаңалықтары