Оған ел бюджетінен 59 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Осылайша 14 елді мекенде су тасқынының қаупін азайтып, жаңа 195 мың гектар суармалы жер пайдалануға беріледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Суға тек диқандар мен шаруалар ғана емес, елді мекен тұрғындары да зәру. Аталған өңірлерде ауыл тұрғынжары әлі күнге дейін көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мен Ресейдің су қорын тұтынуға мәжбүр. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биыл қуаңшылықтың салдарынан Қазақстанда 200 мың гектар алқап суарылмай қалған. Соған орай, қазір Қазақстанда 1,5 миллион гектардан астам суармалы жер бар болса, Үкімет алдағы 10 жылда 3 миллион гектарға жеткізуды жоспарлап отыр. Яғни, көкөніс, мақта, күріш пен қант қызылшасы қазіргіден де көптеп егіледі.
"Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде Қырғызстаннан су тәуелділігі 30 пайызға дейін, Өзбекстаннан 5 пайыз және Ресейден 15 пайызға дейін төмендейді", – деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: