Тікелей эфир

Қазақстанда 10 мыңнан астам адам іздестіріліп жатыр

Олардың арасында адам өлтіру үшін іздестіру салынған 148 адам бар.

Қазақстанда 10 831 адам іздестіріліп жатыр. Олардың 2 119-ы – хабар-ошарсыз жоғалғандар. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті хабарлады.

Хабар-ошарсыз жоғалғандардың көп бөлігі Алматы қаласында (276), Қарағанды (218) және Алматы (160) облыстарында тіркелген. Ең жиі жоғалатындар – 30-дан 49 жас аралығындағы ер адамдар (77%).

  • Үйінен шығып, қайта оралмаған адам саны – 1 601;
  • Автокөлікпен жоғалғандар – 74;
  • Жұмыстан шыққандар – 36 адам.

Сондай-ақ, Қазақстанда тергеуден және соттан жасырынған 2 428 адам іздестіруде жүр. Көпшілігі – 31-ден 40 жас аралығындағы ер адамдар (89%). Олардың басым бөлігі келесі өңірлерде тіркелген:

  • Алматы – 501;
  • Астана – 172;
  • Шымкент – 146;
  • Қарағанды облысы – 150.

Алаяқтық үшін 514 адамға, ұрлық үшін 303 адамға және адам өлтіру үшін 148 адамға іздеу салынған.


Оқи отырыңыз: Жамбыл облысындағы жарылыста жоғалған Бауыржан Дәуітбаевтың сүйек қалдықтары табылды


Қазақстанда іздестіруді ішкі істер органдары, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүзеге асырады. Барлық іздестіру істерінің тіркелуін, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық банкі деректерінің өзара іс-қимылын ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жүзеге асырады.

Серіктестер жаңалықтары