Мемлекет басшысы қазақстандықтарды құттықтады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ел халқы санының 20 миллионға жетуімен құттықтады.
"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді", – деп жазды ол X желісінде.
Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 16, 2023