Тікелей эфир

Қазақстан халқының қанша пайызы қазіргі уақытты ірі саудаға қолайлы деп санайды

Жалпы Қазақстан бойынша халықтың 32,8 пайызы сауда үшін барлық жағдай жасалған деген пікірде.

Қазақстандықтар ірі сауда жасау үшін қазіргі жағдайдың қаншалықты қолайлы екенін айтты. FFG компаниясы жүргізген зерттеу барысында қолайлылық индексі 4 тармаққа өсіп, барлық 15 айға созылған зерттеу кезінде 74,3 тармаққа жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш болса да, "оң жауаптарға" қарағанда теріс жауаптар басым болды. 

"Халықтың 32,8 пайызы қазір қандай да бір дәрежеде ірі сауда жасауға қолайлы уақыт деп санайды. Қазан айында дәл осындай көрсеткіш 30,1 пайызға тең болған. Сондай-ақ "теріс жауаптар" бойынша көрсеткіштердің 61,5 пайыздан 60,1 пайызға дейін аздап жақсарғанын байқауға болады. Қазақ және орыс тілді респонденттердің арасындағы айырмашылық қазан айындағы сияқты басқа мәселелер бойынша әлдеқайда аз болды. Қазақ тілді респонденттердің арасында "оң жауаптардың" үлесі 39 пайызға, ал орыс тілді респонденттердің арасында 28 пайызға жетті", – делінген зерттеуде. 

Репсонденттердің жас топтары сондай-ақ жас ұлғаюымен бірге күтілетін кері корреляцияны көрсетеді. Жастардың 45 пайызы "оң жауап" берді, ал аға буын арасында бұл көрсеткіш 24 пайызды құрады.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 38 пайызы соңғы жылда материалдық жағдайы жақсарды деп санайды – зерттеу


Өңірлер бойынша Қызылорда облысы тұрғындарының 47 пайызы "оң жауап" берді, бұл ең жоғары көрсеткіш. Ал Батыс Қазақстан тұрғындары қазір керісінше ірі сауда үшін қолайсыз уақыт деп санайды – 25%. Өткен айда бұл көрсеткіш 38 пайызды құраған еді. Дегенмен 25%, бұл – қазан айындағы аутсайдерлердің 20 пайызды құраған көрсеткішінен жоғары.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары