Тікелей эфир

Қазақстан Украина жөніндегі бейбітшілік саммитіне қатысады

Қазақстан қақтығысты екіжақты бейбіт жолмен шешуді ғана жақтайды.

Қазақстанның Украина жөніндегі бейбітшілік саммитіне қатысуы мәселесін қарастырғанда халықаралық іс-шаралар кестесі ескеріледі, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

“Қазақстан Украинамен де, Ресеймен де бірдей тығыз саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты сақтап келеді. Біз әрқашан барлық елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау және БҰҰ жарғысының қағидаттарын сақтау ұстанымын қолдаймыз", – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл қақтығыстың тек бейбіт жолмен шешілуін дәйекті түрде жақтайды, ол осы елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастар аясында шешілуге тиіс.

Еске салайық, 15 және 16 маусымда Швейцарияда Украинадағы жағдай бойынша саммит өтеді. Оған мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі 160-тан астам делегация шақырылды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары