Бүгін Қазақстан – Шотландия кездесуінде 500-ден астам полиция қызметкері тәртіп сақтайды.
Алматы полициясы дәстүрлі алгоритм бойынша футбол матчтары мен басқа да спорттық, мәдени ойын-сауық шаралары кезінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Рolisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен жексенбіде өткен Қазақстан – Словения матчында 1,5 мыңнан астам полиция қызметкері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз еткен.
"Бүгін Қазақстан – Шотландия кездесуінде 500-ден астам полиция қызметкері тәртіп сақтайды. Құқық қорғау күштері спорт нысанының өзінде де, онымен шектесетін аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.