Тікелей эфир

Қазақстан-Қытай шекарасы 3 күнге көліктер үшін жабық болады

Шектеу теміржол қатынасына әсер етпейді.

Қазақстан-Қытай шекарасы үш күнге көліктер үшін жабылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

"Қазақстан Республикасында Наурыз мейрамын тойлауға байланысты 2024 жылғы 21 наурыздан 23 наурызға дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", – деп жазылған хабарламада.

Комитет теміржол бекеттері әдеттегідей жұмыс істейтінін атап өтіп, тасымалдаушылар мен азаматтарды шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырды.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қытайға қарай "Аягөз – Бақты" темір жолы іске қосылады


Бұған дейін Қазақстандағы жүк көліктеріне шекарадан жылдам өту үшін жеңілдіктер жойылғаны белгілі болған еді. 1 наурызда Қазақстан шекарасындағы күндізгі уақытта жұмыс істейтін тоғыз автокөлік өткізу бекеті еліміздің басым бөлігінің UTC+5 уақыт белдеуіне көшуіне байланысты жұмыс уақытын өзгертті.

Серіктестер жаңалықтары