Қазақстан қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері және маусымаралық кезенде қырыққабат пен пияз секілді импортталатын тауарларға тәуелді. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділік 16,2 пайыздан 55,9 пайызға дейін артып отыр.
"Біздің есебіміз бойынша, қазіргі таңда қант, тауық еті, ірімшік және сүзбе, сары май, күнбағыс майы, макарон өнімдері, және маусымаралық кезенде қырыққабат пен пиязға тәуелдіміз. 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 9 атауы бойынша импортқа тәуелділік 16,2-55,9 пайыз аралығында болды. Ал қант бойынша 90 пайыз тәуелділік бар. Кейбір тауарлар толық қамтамасыз етілгенімен, көрші елдердегі нарықтық жағдайларға байланысты, әсіресе көкөніс өнімдеріне агрессивті экспортты байқаудамыз. Осыған орай ішкі нарықты қамтамасыз ететін және азық-түлік секторындағы дағдарыстарға төзімді саясат құруымыз керек", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Шымкентте қант диабетімен ауыратын науқастар тегін дәріні ала алмай жүр