Қазіргі уақытта балаларды қосымша біліммен қамту 81,1 пайызды немесе 3 102 433 баланы құрайды. Соған орай, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2027 жылға қарай балаларды қосымша біліммен қамтуды 100 пайызға дейін ұлғайту міндетін қойды.
Оқу-ағарту министрлігінің жоспары бойынша, бұл міндетті орындау үшін келесі шаралар қолға алынбақ:
- балалардың тұрғылықты жерінен (аула клубтары, коммуналдық орталықтар, балалар және жастар шығармашылық орталықтары және тағы басқалар), әсіресе ауылдық жерлерде мектептен тыс ұйымдар желісін кеңейтуге және дамытуға мүмкіндік береді;
- талантты балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды шығармашылық дамыту, қолдау үшін жағдайлар жасау.
"Балалардың мүдделері мен ерекшеліктерін ескере отырып, оларды қосымша білім беруге жаппай тартуды қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтарды, суицидтерді және басқаларды азайтуға әсер етеді. Бұл шара балаларды қосымша біліммен 100% қамту мәселесін шешеді, балалар мен олардың ата-аналарының қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандырады, халықтың әлеуметтік осал топтарынан отбасылардың әлеуметтік шиеленістерін жояды", – делінген Оқу-ағарту министрлігінің құжатында.
Оқи отырыңыз: Биыл педагогтерді жаңаша аттестаттау басталады. Оның қалай өтетінін түсіндіреміз