Тікелей эфир

Қазақстан мұнай экспортын қай бағыттар арқылы ұлғайтады?

Қазақстан мұнай экспортын баламалы бағыттар бойынша ұлғайту мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Новороссийскте қатты дауыл болып, желдің жылдамдығы 35 м/с-қа дейін жетті, бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер етті, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

"2022 жылғы 22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес, кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша 3-шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасының ығысуы түріндегі зақымдануы, сондай-ақ ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілерінің зақымдануы анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты Каспий құбыр консорциумы жуу және жөндеу жүргізу үшін аталған ШАҚ-ты уақытша пайдаланбау туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі мен Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімі бойынша консультация өткізіп жатыр.

"Бұл ретте баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелтуді ұлғайту мүмкіндіктері пысықталуда", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Отандық ғалымдар топырақты мұнайдан тазартатын тиімді тәсілді ұсынды


 

Серіктестер жаңалықтары