Тікелей эфир

Қазақстан мен Вьетнам Үкіметі визасыз режимге қол қойды

Бұған дейін құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған болатын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Құжаттың жобасы бұрын "Ашық НҚА" сайтында жарияланған болатын. Үкіметаралық келісімге сәйкес қазақстандықтар Вьетнамда, ал вьетнамдықтар Қазақстанда шекарадан өткен сәттен бастап 30 күн ішінде және үш ай ішінде 90 күн жүре алатыны туралы жазылған.  

"Келісім белгісіз мерзімге жасалады және дипломатиялық арналар арқылы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекеттік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді", – делінген құжат жобасында.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Вьетнамда ұлт қаһармандары монументі мен Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды


Мұнымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары;
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім;
  3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  4. "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ (QazTrade) мен Вьетнамның сауданы дамытуға жәрдемдесу агенттігі (VietTrade) арасындағы саудаға жәрдемдесу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы инвестиция агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  6. "Қазпошта" АҚ мен Viet Post корпорация арасындағы электрондық коммерцияны дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  7. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен VietJet Aviation арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  8. "ҚазМұнайГаз" ҰK" АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  9. "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ мен Sovico Group компаниясы арасындағы транспортық-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
  10. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  11. Microtech DFS Vietnam Company Limited пен Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  12. "Хабар" Агенттігі" АҚ мен Vietnam Televesion арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары