Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен Қазақстанда екі кәсіби мереке – Азаматтық қызметкерлерінің күні мен Бұрғылаушы күнін енгізу жоспарланып отыр. Біріншісі 1 ақпанда атап өтілетін болса, екіншісіне қарашаның үшінші сенбісі белгіленген.
Қазақстанда Азаматтық авиация қызметкерлері күнін белгілеу бастамасы бұрыннан көтеріліп жүрген болатын. Бұған дейін қазақстандықтар 7 желтоқсанда халықаралық азаматтық авиация күнін атап өтіп келген болатын. Ал қазақстандық жергілікті мереке үшін 1 ақпанның таңдалуы 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы қаласының әуежайында алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметінің құрылуымен байланысты. Министрліктің мәліметінше, бұл салада қазір 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
"Бүгінгі күні авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуге және осылайша мұндай мерекенің болмауына байланысты кәсіби қоғамдастықтың бірыңғай авиация саласына жататындығын сезінуге мүмкіндігі жоқ", – делінген құжаттың түсіндірме жазбасында.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімі Азаматтық авиация күнімен толығады
Сондай-ақ, бұрғылаушы күнін қарашаның үшінші сенбісінде атап өту жоспарланып отыр. Қазақстанда бұрғылаушылар мұнай-газ, тау-кен өндіру, уран және басқа да өндіру секторларында қызмет етеді. Бұрғылаушылардың жұмысы жаңа учаскелерде – зиянды және қауіпті жағдайларда өндірістің далалық, жерасты және жер үсті жағдайларында жұмыстардың күрделілігімен ерекшеленеді.
"Ггеологтар мен мұнайшылардың да, бұрғылаушылардың да еңбегіне құрмет көрсету, Қазақстанның кәсіби мерекелерінің тізімінде бұрғылаушылар күнін атап өту және осындай күрделі кәсіп қызметкерлерін құрметтеудің жаңа дәстүрін енгізу орынды. Осыған байланысты қарашаның үшінші сенбісін Бұрғылаушылар күні деп белгілеу ұсынылады", – делінген министрліктің хабарламасында.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 2 қарашаға дейін.