Көрші елден әкелінген шыршалардың дені - қарағайлар.
Қазақстан кейінгі екі айда Ресейден 45 мыңнан астам жаңажылдық шырша сатып алған екен, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Оның 22 200-і елге жеткізілген.
Көрші елден әкелінген шыршалардың дені - қарағайлар. Мамандардың айтуынша, бұл ағаштар ұзақ уақыт сақталады және мереке қарсаңында сұранысқа ие.
Россельхознадзор департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, елге жеткізілген ағаштар эспортқа шығар алдында санитарлық тексерістен өткен.