Тікелей эфир

Қазақстан ауылдарында фельдшерлік пункт салуға 40 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді

Үкімет бұл ақшаны резервтен бөлді.

Үкімет "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ұлттық жоба шеңберінде  655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі:

  • Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға;
  • Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге;
  • Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге;
  • Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға;
  • Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға;
  • Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.

Оқи отырыңыз: 2024 жылы алматылықтар қандай тегін медициналық көмек алады? МӘМС өкілі түсіндірді


 

Серіктестер жаңалықтары