Тікелей эфир

Қазақстан аумағында заңсыз жұмыс істеген Қытайдың 26 азаматы елден шығарылды

ҚХР азаматтары тиісті рұқсат алмай, салынып жатқан зауыттың аумағында жұмыс істеген.

Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген Қытайдың 26 азаматы елден қуылды. 

Сарысу аудандық сотында Қытай Халық Республикасының 26 азаматына қатысты ӘҚБтК-нің  517-б. 5-б (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды.

2024 жылғы қыркүйек айында ҚХР азаматтары тиісті рұқсат алмай, салынып жатқан зауыттың аумағында жұмыс істеген.

Сотта құқық бұзушылар кінәларын мойындамай, бірі турист ретінде келгенін, ал бірі жұмыс іздеу мақсатында келгенін айтып көрсеткен.

"ҚР рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, сонымен қатар іс бойынша жиналған материалдарымен расталды. Сот қаулыларымен ҚХР азаматтары ӘҚБтК-нің  517-б. 5-б. бойынша кінәлі деп танылып, олар ҚР шегiнен әкімшілік жолмен шығарылды. Қаулылар заңды күшіне енді", – делінген Жамбыл облыстық соты таратқан хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары