Қазақстан 2025 жылы Сырдария өзені арқылы 3,7 миллиард текше метр су алады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр.

2025 жылдың суару кезеңінде Қазақстан Сырдария өзені арқылы шамамен 3,7 миллиард текше метр су алады, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Бұл туралы Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан су ведомстволарының басшылары Самарқанда келісті. 

"Достық" мемлекетаралық каналымен суару кезеңінде Қазақстанға 909 млн текше метр су келеді. Солтүстік Аралға 975 млн текше метр су жіберу жоспарланып отыр. Қазір біз тасқын суды өзен-көлдерге бағыттап, оны су қоймаларына жинап жатырмыз. Алайда оңтүстік аймақтарға келетін болсақ, су дипломатиясы өте маңызды", – деді министр.

Оның айтуынша, шананы жазда дайындау керек, ал жазғы маусым үшін еліміз 2024 жылдың соңынан бері келіссөздер жүргізіп келген.

"Жазғы суару кезеңіне дайындық аясында біз былтырдан келіссөз жүргіздік. Сырдария өзені арқылы Қазақстанға келетін су Шардара қоймасына жиналып, оңтүстік облыстардың шаруаларын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады", – деді Нұржан Нұржігітов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары