
Компания қаза болғандардың отбасыларына қолдау көрсетеді.
"Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі Ұлытау облысындағы шахтада қаза болған кеншілердің тізімін ұсынды.
Қаза болған кеншілердің тізімі:
- Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 ж.т – сорғы қондырғысының операторы;
- Жакубаев Ардак Боранбаевич, 1998 ж.т – жерасты учаскесінің тау-кен шебері;
- Жұмадуллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 ж.т – жерасты кеншісі;
- Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 ж.т – тиеу-жеткізу машинасының операторы;
- Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 ж.т – бұрғылаушының көмекшісі;
- Нурулдаев Олжас Жағалбаевич, 1979 ж.т – жерасты учаскесінің энергетикі;
- Рожков Константин Владимирович, 1992 ж.т – жерасты тау-кен жабдықтарының электр слесарі.
Еске салайық, 17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" компаниялар тобына тиесілі кен орнында тау жыныстары құлап түсті. Жеті жұмысшы құлаған аймақтың арғы жағында қалып, барлығы қайтыс болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақмыс" корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Шахтадағы төтенше жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды.