Моңғолияда тұратын белгілі жазушы, тарихшы, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шынай Рахметұлы "Моңғолия халық жазушысы" атағын алды. Бұл туралы журналист Алтынбек Құмырзақұлы хабарлады.
"Шынай атамыз әдебиетке ерте жастан қалам тербеп, проза, поэзия, драма, аударма жанрларында жемісті еңбек етіп келеді. Он шақты пьесасы сахналанған. Оннан аса кітаптың авторы. "Айдағы секпіл", "Асудағы арпалыс", "Кірешілер" атты повестері оқырман жүрегіне жол тапқан. Қобда беті қазақтары мен қазақстан тарихына қатысты көптеген құнды деректерді оқырман назарына ұсынған", – деп жазды Алтынбек Құмырзақұлы.
Оқи отырыңыз: ТҮРКСОЙ жазушылар одағы құрылды, оған бірінші болып Қазақстан төрағалық етеді
Айта кетейік, Шынай Рахметұлы – "Моңғолия халық жазушысы" атанған үшінші қазақ. Бұған дейін бұл атақты Моңғолияда өмір сүрген белгілі жазушы Мағауия Сұлтанияұлы және Сұлтан Тәукейұлы алған болатын.