Мыңдаған студент оқу жылы аяқталмай жатып басқа жоғары оқу орнына ауысуға мәжбүр болған. Ақылы бөлімде оқитын студенттерге жаңа университет басшылығы оқу ақысын қайта төлеткен. Ал ақшаларын қайтарып беретінін айтқан Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің басшылығы уәдесінде тұрмапты. Осыған орай, студенттер екі университет басшылығына мәселелерін айтып, хат жазды, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Арна тілшілерінің сауалына орай, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің заңгері оқу ақысын өтемеген студенттердің қаржысы түсе сала, толық төлегендердің ақшасы қайтарылатынын айтып жауап берді.
"(Студенттердің ақшасы) бөліп-бөліп төленеді. Өйткені, ақшаны бірден барлық студентке қайтара алмаймыз", – деді Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің бас заңгері Зәуре Ержанова.
Ал Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің өкілдері студенттер маусым айынан бастап ауысып келе бастағанын айтты. Қазір олар соқуды жалғастырып жатыр. Оқу аяқталған соң диплом алады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: