Қайта құрылған "Қазақ газеттеріне" қазір 12 басылым кіреді.
"Қазақ газеттері" ЖШС қайта жасақталып, бірқатар басылымның басын қосты. Олар: "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Ана тілі", "Ақиқат", "Мысль", "Теңге монитор", "Ұйғыр авази", "Үркер", "Ақжелкен", "Балдырған", "Ұлан", "Дружные ребята" басылымдары. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ, компания ішінде бірқатар кадрлық өзгерістер болды. Атап айтқанда,
Дихан Қамзабекұлы "Қазақ газеттерінің" бас директоры;
Думан Анаш "Қазақ газеттері" бас директорының орынбасары – Алматы филиалының басшысы;
Ерлан Жүніс "Ана тілі" газетінің бас редакторы;
Асыл Сағымбеков "Мысль" журналының бас редакторы болып тағайындалды.
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Серіктестер
жаңалықтары
Мәтіндегі орфографиялық қате
Біздің жобалар
"Инфополис" ЖШС, 2015 – 2025. Құқықтардың бәрі қорғалған.