Екі апта ішінде арнайы құрылған жұмыс тобы AparuTaxi, Region, Yandex Taxi, Uber, Blue Sky Energy және т.б. таксилер қызметінің құнын талдап, орташа бағаны есептеп шығарды. Жолаушыларды тасымалдау тарифтері отырған жерден баратын пунктке дейін қашықтыққа әрі такси класына байланысты 1200-ден 12000 теңгеге дейін өзгереді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ең жоғары баға әуежай терминалынан "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортына дейінгі таксидің премиум сегментінде көрсетіледі. Айта кетерлігі, бұл тұрақты емес, бірақ жолаушылар үшін ұсынылатын баға, такси қызметтерінің құны ауа-райын, сұранысты және басқа деректерді ескере отырып өзгеруі мүмкін. Ұсынылған бағаларды ескере отырып, жолаушылар баға саясатын басшылыққа ала алады.
"Жауапкершілігі жоқ такси жүргізушілерінің заңсыз әрекетіне тосқауыл болу үшін туристер үшін осындай ұсыныс әзірлеп отырмыз. Бүгінде жұмыс тобы қалалық аймақтарды және ұсынылатын бағаларды қоса алғанда, ресми такси операторларының қызметтеріне тарифтерді көрсете отырып, ақпараттық стендтер мен буклеттер әзірледі. Материалдар қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жарияланды. Толық қамту үшін ақпараттық стендтер Алматы қаласының халықаралық әуежайының терминалдарында ілінеді", – делінген әкімдік хабарламасында.
Мұнымен қатар, кедендік бақылау аймағында шетел азаматтарының паспорттарына ақпараттық қосымша парақтарды тарату көзделген.
Оқи отырыңыз: Әуежайда неге кейбір жолаушылардың ғана аяқ киімін шешкізіп тексереді?
Сондай-ақ, қонақтар терминалдан шығатын туристік ақпараттық орталықтың тұғырынан толық ақпаратты ала алады.