USDUSD: 499.5 / 504.5
  • EUREUR: 522.0 / 527.0
  • RUBRUB: 5.31 / 5.43
Тікелей эфир
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -8°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -3°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -5°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -13°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент
Алматы -1C
  • -1°C Алматы
  • -7°C Астана
  • +2°C Ақтау
  • -9°C Ақтөбе
  • -5°C Атырау
  • -6°C Балқаш
  • -10°C Жезқазған
  • -8°C Қарағанды
  • -5°C Көкшетау
  • -3°C Қостанай
  • +1°C Қызылорда
  • -9°C Павлодар
  • -5°C Петропавл
  • -8°C Семей
  • -2°C Талдықорған
  • +4°C Тараз
  • +3°C Түркістан
  • -13°C Орал
  • -7°C Өскемен
  • +3°C Шымкент

Қасым-Жомарт Тоқаев көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты

Халықаралық дода аясында 150-ден астам мәдени іс-шара жоспарланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дайындық барысымен танысты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы ең алдымен, "Астана" арена стадионын аралап көрді. Мұнда халықаралық спорттық-мәдени іс-шараның ашылу салтанаты өтеді. 30 мың көрермен еркін сыятын стадионға жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі кезде абаттандыру жұмыстары аяқталып, жабдықтары толықтай жаңартылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде орналасқан Аккредиттеу орталығының жұмысы, Көшпенділер ойынына қатысатын ұлттық құраманың киім үлгісі таныстырылды. Халықаралық іс-шараға 1 500 ерікті тартылады.

Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Ұлттық құраманың әзірлігі жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін халықаралық және республикалық деңгейде 42 оқу-жаттығу жиыны өткен. Сонымен қатар спортшылар жеті халықаралық және 25 республикалық турнирге қатысқан.

Жалпы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2 800 қатысушы мен ресми делегация мүшелері келеді. Сайыстың 21 түрінен 97 медаль сарапқа салынады. Негізгі жарыстар "Астана" арена стадионы, "Қазанат" ипподромы, "Алау" мұз сарайы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, "Думан" қонақүй-спорт кешенінде өтеді. Ал жамбы ату мен теңге ілуге арнайы алаң жасақталған.

Халықаралық дода аясында 150-ден астам мәдени іс-шара жоспарланған. Мәселен, Этноауылда Көшпенділер мәдениеті музейі, қолөнершілер және мүсіндер көрмесі, ал Ұлттық музейде "Көшпенді халық: тарих, таным, тағылым" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

Алдын ала болжам бойынша, осы күндері елордаға 100 мыңға жуық турист келуі мүмкін. Осыған орай 20-дан астам қонақ үйдің, сонымен қатар туристер жиі баратын орындардың дайындығы пысықталып, қала көшелерін абаттандыру, безендіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары