Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Майотта архипелагында жойқын тайфун соғып, көптеген адам қаза болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары