Мәжіліс бірінші оқылымда қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заң жобаларын мақұлдады.
"Қарауға ұсынылған заң жобаларының негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою және қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру және жарнамалау үшін жауапкершілікті қатаңдату арқылы алаяқтық қаржы пирамидаларының кеңінен таралуына депутаттардың жедел ден қоюы болып отыр", – деді Мәжіліс депутаты Юрий Ли.
Заң жобаларында келесі өзгерістер қарастырылған:
- қаржы (инвестициялық) пирамидаларын құру және басқару үшін санкциялардың жоғарғы шегін арттыру;
- қаржы (инвестициялық) пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу;
- сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған Ішкі істер органдарына немесе экономикалық тергеу қызметіне қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалау туралы қылмыстық істер бойынша тергеу жасауын айқындау;
- қылмыстық іс-әрекеттерді әкімшілік құқықбұзушылықтардан ажырату;
- жеке және заңды тұлғалардың ақшасы мен өзге де мүлкін осындай қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ тұлғалардың пайдасына тартуға қатысты қызметті жарнамалауға тыйым салу.
Оқи отырыңыз: Қаржы пирамидасының белгілері қандай және оған қалай алданбауға болады?
Түзетулер Қылмыстық кодекске, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы Кодекске және "Жарнама туралы" заңға енгізіледі.